Ақынның қаламы – адалдық алаңы

343

Өткен аптада Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» атты облыстық жас ақындар мүшәйпрасы өтті. Ұйымдастырылып отырған мүшәйраның мақсаты – өңірдің шығармашыл жастарының шабытын шыңдау, жастардың бойында адалдық пен сенімділікті, парасаттылықты және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, отансүйгіштікті кеңінен насихаттау.

Жыр бәйгесіне қатысуға аудандар мен Тараз қаласын, облысымыздың он ауданынан 13 үміткер ниет білдірді.
​Мүшәйра ережесіне сәйкес ақындар 2 кезең бойынша бақ сынады. Бірінші кезеңде жас талаптар «Әділдік. Парасаттылық. Сенім» тақырыбында өлең оқып, адалдық пен сенімділік, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікке шақыру мақсатындағы шығармаларын ұсынады. Екінші кезең еркін тақырыпқа арналды. Еркін тақырыптағы өлең лирикалық бағытта. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаев, «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық офисінің басшысы Н. Жувандикова, облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы, Д.Тұрмаханбетов, облыстық «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі, ақын Т.Абайылдаев, қалалық «Жамбыл — Тараз» газетінің тілшісі, ақын С.Піренов құралған қазылар алқасы қатысушылардың ақындық, орындаушылық шеберлігі мен шығарманың идеялық мазмұны және көркемдік дәрежесіне қарай жүлдегерлерді анықтады.

Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар мен алғысхаттар және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Тартысқа толы болған жыр мүшайрасынан бас жүлдені Т. Рысқұлов ауданының жас ақыны Әмре Жәнібек қанжығасына байлады. Өз кезегінде бірінші орынды Қонарбаев Мұхтар (Жамбыл ауданы), екініші орын – Таңжарықова Ақмөлдір (Тараз қаласы), ал үшінші орынды Кемелбек Рашид (Жуалы ауданы) өзара бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.