Балаларды теуіп, шыбықпен қорқытқан: Шымкентте балабақшада тәрбиеші көмекшісінің әрекеті шу шығарды

37

Фото Оtyrar порталынан

Ата-аналар бұл кадрларды TikTok желісіне жариялап жіберген. Кейін олар балабақшаға полицейлерді шақырып, құжаттарын алып кеткен. Айтуларынша енді төленген төлемді қайтара алмайжүр екен.

Деректерге сай қазір балабақша да бос тұр. Басшылықтың да, тәрбиешінің де қарасы көрінбейді екен.

Шымкент қаласының білім басқармасы жарияланған кадрларда тәрбиешінің көмекшісі бейнелен. Оқиға Наурыз мерекесі кезінде болған. Тәрбиеші әрекетін тек балалардың шулағанын басу үшін жасағанын айтып ақталған. Бұл жанжалдан соң тәрбиешінің көмекшісі өз еркімен жұмыстан шығып, жеке балабақша меңгерушісі қатаң сөгіс алған.

«Жекеменшік балабақша мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жұмыс істейді. 45 бала қарауында. Әлеуметтік желілерде тараған видеода-тәрбиешінің көмекшісі түскен. Оның білімі жоқ, ол балабақшада 2023 жылдан бері жұмыс істейді. Басшылық оның балаларды теппегенін, тек тым шулап кеткесін осылай қорқытқысы келгенін айтты. Балалар физикалық жарақат алмаған, бірақ психологиялық жарақат алғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта ата-аналар бізге шағымданбады”,- деді Шымкент қаласы білім басқармасының мектепке дейінгі мекемелер бөлімінің басшысы Әйгерім Ерсаева.



Видеоға құқық қорғау органдары да жауап берді. Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі факт бойынша тексеріс жүріп жатқанын хабарлады. Сараптамалар тағайындалып, соның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын болады екен.

balalardi-teuip-shibikpen-korkitkan-shimkentte-balabaks-398892/

@tancho222Ответ пользователю @akerkem041♬ оригинальный звук — Алкожа Таншолпан
https://stan.kz/

Leave A Reply

Your email address will not be published.