БАБА РУХЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

86
Күні кеше ауданымыздан сән-салтанатпен сауапты сапарға аттанған шулықтар бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентке табан тіреді. Ондағы Төле Әлібекұлының қабірін зиярат етіп, бабамыздың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.
Одан бөлек, кесененің тарихымен танысып, мол мағлұматқа қанық болды. Аталған сапар әзиз түлғаның 360 жылдығына орай ұйымдастырылып отырғанын айта кеткен жөн. Өзбекстан астанасын көзбен көрген аудан жастары сапардан керемет әсер алғандарын айтуда.
Сонымен қатар, бүгін ауданымызда Төле би Әлібекұлының 360 жылдығына орай жастар арасында қазақ күресінен республикалық жарыс жалауын желбіретті. Бұл додада «Түйе палуан» атануға үмітті 30 жас бақ сынауға бекініп отыр. Екі күнге жалғасатын жарыста балуандар белдесуге шығып, өзара мықтыны анықтайтын болады. Тартысты жарыс қорытындысына сәйкес, жасөспірімдер арасында “Түйе палуан” анықталып, арнайы белдеу мен сыйлық табысталатын болады.

Бақытжан Жәнібеков, Шу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.