Азық-түлік бағасына мониторинг жасалды

360

«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері қаладағы бірқатар ірі сауда орындарында болды. Олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, сапасы мен қамтамасыз етілуі бойынша қоғамдық бақылау жүргізді.

Бақылау барысында сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер жеткілікті екені анықталды.

Осы орайда топ мүшелері кәсіп иелеріне азық-түлік бағаларын тұрақты ұстап тұруға ұсыныс білдірді. Сондай-ақ бағаны негізсіз көтеру бойынша тиісті жауапкершілік қолданылатыны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Алдағы уақытта партия тарапынан өңірдегі ірі сауда орындары мен базарлардағы бағаға тұрақты бақылау және талдау жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.