ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС — ОРТАҚ ИГІЛІК

35

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес,  аудан әкімі Бақыт Қазанбасов Ынтымақ ауылдық округінде кезекті кездесуін өткізді.
Аудан басшысы өз сөзінде ауылдық елді мекендердің экономикалық жағдайын көтерудің негізгі капиталы кәсіпорындардың дамуы екеніне тоқталды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық мақсатындағы жайылым жерлер мәселесін шешу де күн тәртібінде тұрғанын атап өтті. Биылғы жылы жайылым жерлер едәуір ұлғайғандығы және болашақта 35 мың гектарға жуық жайылым жерлерді қайтару жоспарланып отырғандығын атап өтті.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан жазбаша түскен өтініштер қатарында ауыл ішіне жүргізілген ауыз су құбырының құдықтары жер бетінен жоғары тұрғандықтан, көліктердің жүруіне кедергі келтіріп жатқаны және осы құдықтарды төмен түсіріп беру және ауылдық клубта түрлі деңгейдегі іс-шараларды өткізу үшін музыкалық аппаратпен қамтамасыз етуге ықпал жасау жөнінде мәселе көтерілді.


Кездесуде көтерілген мәселелер бойынша «Байзақ су» КМК-і мен  аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне тапсырмалар берілді.
Ауыл тұрғындары аудан әкіміне өз ризашылықтарын білдіріп, аудан көлемінде атқарылған жұмыстары туралы есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.

Байзақ ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.