Ауыл – қазақтың күретамыры

161

Ауыл – қазақтың күретамыры. Бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің, ұлт руханиятының, қазақы тәрбиенің қайнар көзі. Салт-дәстүр, мәдениеттің сарқылмас мол қоры да ауылдарымызда сақталып келеді. Бүгінде өркендеп, дамып келе жатқан ауылдар аз емес. Себебі елімізде ауылды өркендетуге, ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар, мемлекеттік бағдарламалар қолға алынып, өзінің оң нәтижесін беруде.

Мемлекеттің басты байлығы – адам дейтін болсақ, олардың бақуатты тұрмыс кешуі мемлекет үшін маңызды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдаулары аясында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар халықтың табысы мен тұрмысын жақсартуды, әл-ауқатын көтеруді көздейді. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен өңірде «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.

Бұл туралы Президент «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз горизонтальді кооперацияның әлеуетін де естен шығармауымыз қажет. Онсыз агроөнеркәсіп кешенінде қарқынды даму болмайды. Басы бірікпеген жеке қосалқы шаруашылықтар, шын мәнінде, өлместің күнін көріп отыр. Бұл ретте, сапалы әрі мол өнім өндіру, үздіксіз тауар жеткізу туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз. Бәсекеге қабілетсіздік пен импорттан арыла алмай отыруымыздың себебі де осыда.

Кооперация кезінде жер және басқа да мүлікке қатысты барлық құқықтар сақталады. Кооперация шаруашылықтарға шикізат сатып алу, өнім өндіру және оны сатуды ұйымдастыру барысында күш жұмылдыруға мүмкіндік береді. Ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл – жасырын емес. Табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жатады. Сондықтан, субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу қажет»,- деп атап өткені белгілі.

Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешуге бағытталып отыр.

Осы пилоттық жоба бойынша ауыл табысын арттыру мақсатында 2-кезеңде Жайылма ауылдық округі таңдалған. Жоба бойынша жалпы 925,9 млн. теңгеге 164 жобаны іске асыру жоспарланды. Оның ішінде:

І бағыт. Үй іргесінде егістік жерлерді игеру – 4,2 млн. теңге.

ІІ бағыт. Ауладағы мал шаруашылығын дамыту үшін 155 жоба (2127 бас мал басын сатып алуға) – 730,2 млн. теңге.

ІІІ бағыт. Ауыл сыртындағы егістік жерлерді игеру — 23,8 млн. теңге (кооперативтің өз қаражаты есебінен).

ІV бағыт. Құрылған кооперативті жабдықтауға – 21 дана ауылшаруашылық техникасы 135,9 млн. теңге.

V бағыт. Шағын кәсіпкерлікті дамытуға 7 жоба – 40,6 млн. теңге.

Үй іргесінде егістік жерлерді игеру бойынша жобаға дейін 328 аула егістік жер, жобадан кейін 514 ауланың егістік жері игеріліп, нәтижесінде 56,7 пайызға артқан. Игерілетін егістік алқап 20,2 гектардан 24 гектарға жетті. Нәтижесінде жалпы алынатын өнім 524,6 тоннаны құрайды. Жобадан кейін бір отбасының жылдық табыс көлемі 76,3 мыңға жетеді.

Құрылған кооперативтің ауыл тұрғындарының үй іргесіндегі егістік жерлерін игеруге 4,0  млн. теңгеге өтінім тапсырылып, 3,6 млн. теңге несие алып, 121 аулада 1000 түп алма ағашы отырғызылды.

Ауладағы мал шаруашылығын дамыту бойынша айтар болсам, жобаға дейін 492 аула мал шаруашылығымен айналысса, жобадан кейін 514 аула мал шаруашылығымен айналысып, кәсіптерін жүргізуде. Бүгінгі күнге жалпы ауладағы мал басының саны 10 101 ден 12 258 басқа жетіп отыр.

Жобадан кейін бір отбасының жылдық табыс көлемі 945 мыңға (4,0 есе) артты.

2 бағыт бойынша 1,1 млрд. теңге 193 өтінім тапсырылып, жалпы – 3823 бас, олардың ішінде 268 бас түйе, 1225 бас МІҚ, 18 бас бұқа, 1776 бас қой-ешкі, 746 бас жылқы «Тараз» ӘКК-на тапсырылды. Жалпы өтінім құжаттарының ішінде 148 құжат 658,8 млн.теңге несиеге қол жеткізілді.

137 кәсіпкер 6 ауданнан 2157 бас мал сатып әкелді. Оның ішінде 572 бас МІҚ, 999 бас уақ мал, 421 бас жылқы, 165 бас түйе.

Сонымен қатар, Жайылма ауылдық округінде атаулы әлеуметтік көмек алатын 12 отбасының, ішінде 3 отбасы несие алып, кәсіптерін жасауда. Қалған 9 отбасы несие алудан түрлі себептермен бас тартқан.

Бұдан бөлек 45 өтінім «Тараз» ӘКК тарапынан қайтарылды.

Ауыл сыртындағы егістік жерлерді игеру бойынша пилоттық жоба бойынша құрылған кооперативке 6 азамат мүше,  248,3 гектар егістік, 18,9 гектар жайылымға барлығы 267,2 гектар жері бар. Егістік жер 558 гектарға жеткізілді.

Бұл бағытта кооператив 23,8 млн. теңгеге өз қаражаты есебінен 45 тонна тұқым, 20 тонна тыңайтқыш, 35 тонна жанар-жағар май алып. Бүгінгі таңда 230 гектардан астам жер жыртылып, тұқымдар себілді.

Ауылдағы 12 ұсақ шаруа қожалықтары кооперативпен бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдіруде. Нәтижесінде қосымша 300 гектар егістік, 464 гектар шабындық, 10 468 гектар жайылымдық жер кооператив құрамына біріктіріліп, жұмыстар жас-ауда.

Пай үлестері туралы Жайылма ауылдық округіндегі 126 жер пайдаланушы тіркелген. 126 шаруа қожалығына тиесілі 94,6 мың гектар ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлері (4,0 мың егістік, 87,6 мың жайылым және 3,9 мың шабындық) бар. Жер қатынастары басқармасының ақпаратына сәйкес 431 азаматқа тиесілі 53,6 мың гектар (51,1 мың гектар жайылым, 2,5 мың гектар егістік) жерде пай үлестері бар.

Жайылма ауылдық округіндегі пай үлестері бар азаматтардың тізімі алынып, несие алуға өтінім берген азаматтармен салыстырылды. Нәтижесінде 431 адамның ішінде 4 азаматта пайлық үлесі бар екендігі анықталды.

Құрылған кооперативті жабдықтауға 21 дана ауылшаруашылығы техникасын 4 дана трактор, 1 дана прицепті комбайн және 16 дана қосалқы құрылғысымен, жалпы техниканың сомасы 135,9 млн. теңге) алу жоспарланды. Бүгінгі күнге «МҚҰ-Тараз» ұйымы арқылы 140,8 млн. теңгеге 20 дана ауылшаруашылық техникалары алынды.

Барлық техникаларға қол жеткізіліп кооператив өз деңгейінде жұмыстар жасауда.

Тұрғындардың өз кәсібін ашу бойынша 7 азамат 40,8 млн. теңге болатын жобаларды іске асыру көзделді. Өз кәсібін бастауға бүгінгі күнге 18,9 млн. теңге 4 өтінім «Тараз» ӘКК-на өткізіліп, қаралу үстінде.

Бетон құрылыс бұйымдары әзірлеуге Ерденбеков Бақыт, наубайхана ашуға және жұмысын жүргізуге Нұрғалиева Толқын, нығыздалған кірпіш өндіруге Ерденбеков Саят, техникалық жөндеу орталығын ашуға Ерасылұлы Мұрат өтінім тапсырды.

Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлер саны 63-тен 266-ге артты. Тиісінше жұмыссыздар саны 31 азаматтан 12 азаматқа (2,6 есе) азайып, қосымша өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны артты. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 12 отбасыдан 6 отбасыға азайды. Бір отбасының жылдық табыс көлемі 730 мың теңгеден 1,0 млн. теңге көлемінде артады деп күтілуде.

Бір сөзбен айтқанда, сәтті жүзеге асырылып жатқан пилоттық жобаның тұрғындар үшін пайдасы мол, болашағы да зор деп білеміз!

Жандарбек Смағұлов,

Жайылма ауылдық

округінің әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.