«Әулиеата жауһарлары» экспедициясының жеңімпаздары марапатталды

356

Жастар саясаты басқармасы және Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен облыс жастары арасындағы «Әулиеата жауһарлары» тарихи-танымдық экспедиция өз жұмысын бастаған болатын. Негізгі мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында белгіленген тапсырмаларды және «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасының ІІ кезеңін іске асыру мақсатында жастар арасында жалпыұлттық патриотизмді қалыптастыруға, өлкетанушылық ақпаратты жинауға, туған өлкенің тарихы мен мол рухани құндылықтары туралы білімдерін арттыруға, белгілі бір аймақты тану мен зерттеуге бағытталған. Жастарды облыстан шыққан танымал тұлғалардың өмір жолымен, облыстың тарихи-археологиялық орындарымен, халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерімен (ертегілер, аңыз әңгімелер мен әпсаналар, қиссалар мен эпостарымен) таныстыру, қазақстандық патриоттық сана-сезімін нығайту, жастарды іс-шараға қатыстыру арқылы қоғамдық-саяси өмірге тарту және мәдени, рухани құндылықтарын арттыру. Бүгін тарихи-танымдық «Әулиеата жауһарлары» атты экспедиция жеңімпаздары марапатталды. Шара қорытындысы бойынша І орынды Шу ауданы командасы иеленсе, ІІ және ІІІ орындарды Тараз қаласы мен Сарысу ауданы командалары өзара бөлісті. Сондай-ақ, әр командадан «Үздік фото-видео ақпарат» номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.