«Әулиеата жауһарлары» атты тарихи-танымдық экскурсия

50

Орталық алаңда аудан әкімі Мұртаза Жалғас Алижанұлы «Әулиеата жауһарлары» атты тарихи-танымдық экскурсияға қатысушы «Аула клубы»-ның белсенді тәрбиеленушілері 50 баланы қабылдады.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары А.Ахметова, аудандық мәслихаттың төрағасы З.Бүрлібаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жұмашев, Жуалы ауданының білім бөлімінің басшысы Н.Тыныбеков қатысты.

Қазіргі таңда аудандық Аула клубы 2376 оқушыны 7 бағыт 22 үйірме бойынша қосымша біліммен қамтып отыр.

«Жігерлі де қайсар, өз өлкесін шынайы сүйетін патриот, өз елінің дәстүрлері мен тарихын, мәдениетін құрметтейтін, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақты тәрбиелеу – біздің мақсатымыз» — деді аудан әкімі құттықтау сөзінде. Сондай-ақ, оқушыларға аудандық тарихи-өлкетану музейіне, Бауыржан Момышұлының мемориалдық мұражайына, Талапты аулындағы «Шерхан Мұртаза әдеби-мемориалды музейіне» және Нұрлыкент аулындағы Баркуаб қалашығына саяхат жасайтындарын, тарихпен танысатындарын жеткізді.

Балалардың игілігі үшін «Мектепке жол» акциясы аясында балаларға 2023-2024 оқу жылына арнайы дайындалған құрал-жабдықтар салынған сөмкелер сыйға тартылды.

Аудан әкімі білімді де өнерлі оқушыларды жетекшілерімен бірге экскурсияға шығарып салды. Экскурсияға шыққан оқушылардың қауіпсіздігін сақтайтын сала өкілдері де іс-шара барысына қамтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.