АҚТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ «ЖУАЛЫМ – ҚҰТ МЕКЕНІМ!» ФЕСТИВАЛІ ӨТКІЗІЛДІ

72

Жуалы ауданының 95 жылдығына орай Ақтөбе ауылдық округінде «Жуалым – құт мекенім!» фестивалі өткізілді.

Фестивальге аудан әкімі Мұртаза Жалғас Алижанұлы, аудан әкімінің орынбасары Ахметова Анар Садыққызы, аудандық мәслихаттың төрағасы Бүрлібаев Зиядхан Рымбекұлы, қоғамдық кеңестің төрағасы Үркүмбаев Әбдікерім Құлтайұлы қатысты.

Аудан көлемінде өткізіліп жатқан іс-шараға дайындық жұмыстары жүргізілген. Ең алғаш көрмелер таныстырылымы жасалды. Бәйтерек ауылдық мәдениет үйінің, Жаңаталап ауылдық клубының ауыл балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша өткізілетін үйірме жұмыстарының барысы таныстырылған стендтер қойылған. Шеберлердің қолынан шыққан ағаш бұйымдар – ер, бесік, қобыз, домбыра, тостаған сияқты туындылар, қылқалам шеберлерінің тақырыптық картинкалары көрменің көркін ашып тұр. «Жұлдызы биік Жуалы» кітап көрмесіне 170 кітаптан құралған кітап инсталляциясы жасақталған. Балабақша қызметкерлерінің тәрбиелік мәні зор қазақы үйдегі «Әже және немере» образдары мәдени шараның мазмұнын айшықтап тұрды.

Аудан әкімі Мұртаза Жалғас Алижанұлы ауыл ақсақалдарымен, ақ жаулықты әжелерімен амандасып, дендеріне саулық тіледі.

Аудан әкімі Жалғас Алижанұлы Жуалы ауданының 95 жылдығына құттықтау сөзін арнап, Түркістандағы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Мемлекет басшысының жасаған маңызды мәлімдемелерін жүзеге асыру барысында ауданымыздың мәдени мұраларын жан-жақты дәріптеуіміз қажет екенін атап өтті.

Келесі сөз кезегін алған округ әкімі К.Хайралапов ауыл тұрғындарына жасалып жатқан игі жұмыстарды тізбектеп көрсетті. Жуалының 95 жылдығына арналған жұмыстар қатарына ауылішілік жолдар, ауыз су құбырларының тартылуы, көше жарығы кіреді. Сонымен қатар, демеушілер есебінен «Мектепке жол акциясына» 250 000 тң жинақталған.

Ауылдық округтің өсіп-өркендеуіне, дамуына, көркеюіне үлес қосқан ардагер еңбекерлерін округ әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Фестивальге келген қонақтар да жылы лебіздерін білдіріп, әлеуметтік, экономикалық көрсеткіштер көтеріліп, салалардың дамуы қуантарлық жағдай деп жеткізді.

Көпшілік жиылған кеште әуелеген әсем әндер орындалып, мың бұралған биші қыздардың билері тамашаланды. Керегесін кең жайған киіз үй қонақтарға дәм ұсынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.