«Атырау — бақытты балалар мекені»

106
Исатай-Махамбет алаңына жиналған жұртшылық қаламыздың расымен де бақытты балалардың мекені екендігіне көз жеткізді. Орталық алаңда балғын бүлдіршіндерімізге арналған ойын-сауық бағдарламалары мен секірмелі батуттар орнатылды.
✨Сонымен қатар балалардың спорттық сайыстарға деген бейімділіктері сыналды.
Асық ату, арқан тартыс, қол күресі, кір тасын көтеру, шахмат, дойбы ойындарынан кіл мықтылар анықталып, жеңімпаздарға алғыс хат пен медальдар табысталды.
✨Жүздері жадыраған бүлдіршіндерге қарап, аталмыш шара өз мақсатына жетті деп білеміз. » Атырау бақытты балалар мекені» ойын- сауық бағдарламасы қала күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды.
Атырау Қалалық Мәдениет Бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.