Атқарылған жұмыс ауқымды

194

Бүгінгі күні Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артып келеді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша шаһардың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуында оң өзгерістер қалыптасқан.

Биылғы қаңтар-қыркүйек айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 352 млрд. 871,4 млн. теңгені құрап, 102,8 пайызға жетсе, ауылшаруашылық саласындағы жалпы өнім көлемі 11 млрд. 822,0 млн. теңгені құрап, 100,0 пайызға орындалған.

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің жалпы аумағы 258,5 мың шаршы метрді немесе нақты көлем индексі 100,5 пайызға орындалды (2022 жылы – 257,2 мың шаршы метр).

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 248 млрд. 400,9 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 101,8 пайызға орындалды (2022 жылы – 210 473,3 млн. теңге).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 45 млрд. 306,8 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 110,7 пайызға жетті (2022 жылы – 37 871,4 млн. теңге).

Есепті кезеңде 80 млрд. 126,3 млн. теңгеге инвестиция тартылды.

Инфляция деңгейі 12,3 пайызды құрады (ҚР – 11,8%). Оның ішінде: азық-түлік тауарлары – 13,2 пайызға (ҚР – 11,4%), азық-түлік емес тауарлар – 13,2 пайызға (ҚР – 12,1%), ақылы қызметтер тарифі – 10,2 пайызға өскен (ҚР – 11,9%).

Жұмыссыздық деңгейі 5,7 пайызды құрады (2022 жылы – 5,5 пайыз). Ең төменгі күн көріс деңгейі 46 203 теңге (2022 жылы 42 418 теңге), орташа номиналды айлық жалақы 285 131 теңгені (2022 жылы 250 440 теңге) құрады.

Денсаулық саласына келетін болсақ, есепті кезеңде ана өлімі тіркелмеген (2022 жылы – 0 оқиға).

Нәресте өлімі 51 оқиғаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7 оқиғаға өсіп отыр (2022 жылы – 44 оқиға).

Құқық қорғау саласында есепті жылы қала көлемінде жалпы әр түрлі 1 834 қылмыс тіркеліп (2022 жылы – 2 228), өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 17,7 пайызға төмендесе, ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың тіркелуі 24,8 пайызға (771-ден 580-ге) төмендеген. Ал, жалпы қылмыстар бойынша ашылу деңгейі 4,9 пайызға (48,6%-дан 53,5%-ға) өссе, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 1,1 пайызға (62,5%-дан 63,6%-ға) өсіп отыр.

Есепті кезеңде кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық 39 деректі құрап, 11,4 пайызға төмендеді (2022 жылы — 44 дерек).

2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қала бойынша жол көлік оқиғалары 44,3 пайызға төмендеген (562 деректен 313 дерекке дейін). Одан жараланғандар саны 435 адамды құрап, 44,8 пайызға төмендеген (2022 жылы 788 адам), ал кісі өлімі 16 адамды құрап, 45,5 пайызға өскен (2022 жылы 11 адам).

2023 жылдың 1 қазанына бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы 107,1 пайызды құрады, есепті кезеңге жоспары 33 млрд. 562,7 млн. теңге болса, орындалуы 35 млрд. 933,5 млн. теңге, немесе 2 млрд. 370,9 млн. теңгеге артығымен орындалды.

Оның ішінде, өзіндік кірістер 110,1 пайызға орындалды, есепті кезеңге жоспары 23 млрд. 516,7 млн. теңге, орындалуы 25 млрд. 892,3 млн. теңге, немесе 2 млрд. 375,7 млн. теңгеге артығымен орындалды.

Ал, қала бюджетінің шығыс бөлігінің игерілуі 99,8 пайызды құрады, төлемдер жоспары 40 млрд. 461,9 млн. теңге болса, игерілуі 40 млрд. 366,8 млн. теңгені құрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.