Түзеу мекемесінде «Нан күні» аталып өтілді

113

Елімізде әр жылдың 16 қазанында «Нан күні» аталып өтіледі. Бұл күн 2019 жылғы 16 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген еді. «Нан күні» қазақстандық астық өсірушілердің, диірменшілер мен наубайшылардың еңбегін құрметтеудің белгісі ретінде Қазақстандағы мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Осыған орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде нан мерекесі аталып өтті.

Бүгінде мекеменің аумағында өз наубайханасы бар. Онда бір күнде 3 200 нан пісіріліп, Тараз қаласындағы түзеу мекемелерін ас атасымен қамтамасыз етеді. Наубайханада жазасын өтеп жатқан азаматтар 3 ауысым бойынша еңбек етеді. Қазіргі таңда мұнда 30 сотталған жұмыс істейді.

– Үстелдегі ең маңызды өнімге құрмет ретінде, сондай-ақ мерекеге орай біз нан пісіріп, мейрамды атап өтуді жөн көрдік, – дейді мекеменің наубайшыларының бірі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.