Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен Тараз қаласын дамыту, мәселелерді шешу жолдарын қарастыру бойынша кеңес өтті.

140
Жиынға қала басшылығы, аумақтық округтердің бас инспекторлары, пәтер иелерінің кооперативтері, мүлік иелерінің бірлестігі, кварталдық комитет төрағалары мен үй ағалары да қатысты.
❗️Ербол Қарашөкеев бұған дейін жұмыс кестесінен тыс таңертеңгілік уақытта қаланың бірқатар аумақтарын аралап, тазалық, аулаларды реттеу бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелгенін жеткізді.
✅ Аймақ басшысы, күрделігіне қарай ол тапсырмалардың орындалуы өз нәтижесін көрсетіп жатқанымен, ауқымды мәселелерді шешу үшін алдағы уақытқа жүйелі жоспар, нақты шаралар керектігін атап өтті.

 

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.