Асылбеков — жер қатынастары бөлімінің басшысы

99
Жамбыл ауданы әкімінің өкімімен Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымына Асылбеков Ұлан Темірханұлы тағайындалды
Ұлан Асылбеков Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Пионер ауылында дүниеге келген. Білімі — жоғары.
2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 2008 жылы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әскери столының бас маманы болып бастаған.
2001-2004 жылдары Жамбыл аудандық жер инспециясының бас маманы;
2005 жылы Жамбыл ауданы әкімиятының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің штаттан тыс маманы;
2005-2007 жылдары Жамбыл ауданы әкімиятының ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
2007-2014 жылдары Жамбыл ауданы әкімиятының жер қатынастары бөлімінің бас маманы;
2014 жылы Жамбыл ауданы әкімдігінің «Аса-су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас инженері қызметін атқарған.
2014 жылдың 19 желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келеді.
Жаңа басшысын ұжымға таныстырған аудан әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұлов алдағы жоспарлармен бөлісіп, бірқатар тапсырмалар жүктеді

 

Жамбыл ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.