Астанада өткен Нұрлан Сабуровтың концертінде көрермендер наразылық білдірді

165

Концертті ұйымдастырушылар мәселені шешуге тырысқанымен шоу 1,5 сағатқа кешіктіріліп, көрермендерді әбден күттірген. Кейін Барыс-Аренадағы кейбір көрермендер әзілкештің сахнаға шығуын күтпе алмай концерттен кетіп қалған.

Желі қолданушыларының сөзінше, ұйымдастырушылар концертке көңілі толмағандарға билет ақшасын қайтарып беруге уәде еткен.

Алайда концертті аяғына дейін көріп, керемет әсер алдық дегендер де болды.

“Нұрланның өзі ұйымдастырушыларға дыбыстың нашарлығы үшін ескерту жасады. Алыс орындардағы көрермендерді жақынырақ түсіртті. Ішек-сілемізді қатыра күлдірді”, “Мені артқы орыннан алдыңғы қатарға ауыстырды. Концерт бойы жақсы көңіл күйде болдым. Кейбірі Нұрланға ысқырып, наразылықтарын білдірді. Алайда оның бұл жерде қатысы қандай? Бұл ұйымдастырушылардың кінәсі емес пе?”,- деп бөлісті көрермендер.


 

https://stan.kz/astanada-otken-nyrlan-saburovtin-koncertinde-korermende-372306/

Leave A Reply

Your email address will not be published.