Әртүрлі елден 84 үміткер қатысқан «Әлем аруы» байқауының жеңімпазы анықталды

64

Фото: Twitter MissUniverse

«Әлем аруы-2023» халықаралық байқауында никарагуалық Шанис Паласиос жеңіске жетті.

Сальвадорда өткен байқауға әртүрлі елдерден 84 үміткер қатысты.

Халықаралық сұлулық байқауының қорытындысы бойынша 23 жастағы никарагуалық Шанис Паласиос әлемдегі ең сұлу қыз атанды.

Айта кетейік, байқауға Қазақстан атынан «Алматы аруы-2022» және «Қазақстанның вице-миссі-2022» атақтарының иегері Томирис Заир қатысты. Бойжеткен қазақтың дәстүрлі киімі мен дала жауынгерінің костюмін үйлестірген бейнеде әлемдік сахнаға шықты.https://stan.kz/arturli-elden-84-umitker-katiskan-alem-arui-b/aykauinin-391360

Leave A Reply

Your email address will not be published.