Ақтөбе облысында мектеп оқушылары зираттағы ескерткіштерді қиратып тастаған

42

Фото: pexels.com

Оқиға Ақтөбе облысы, Темір ауданына қарасты ауылда болған. Бірнеше мектеп оқушылары зиратты аралап, бейіттерді қиратып кеткен. Олар кәмелет жасына толмағандықтан әкімшілік сот олардың ата-аналарын қылмыс жасады деп айыптады.

Төрт ата-анаға бала тәрбиелеудегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін айып тағылып, әрқайсысына 24 мың 150 теңге айыппұл салынды. Кейінірек жергілікті тұрғын бұл ата-аналарды сотқа беріп, келтірілген шығынды өтеуді талап етті. Себебі балалар тұрғынның әкесі мен анасының бейітін бүлдірген.

Іс бітімгершілікпен аяқталып, тараптар медиациялық келісімге келіп, сотталушылар ағымдағы жылдың соңына дейін 572 мың теңге материалдық шығынды өтеуге келіскен.https://stan.kz/aktobe-oblisinda-mektep-okushilari-zirattagi-eskertkish-391361/

Leave A Reply

Your email address will not be published.