Әлеуметтік осал отбасыларға қолдау көрсетілуде

42

Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде тұрмыстық жағдайы төмен жандарды қолдау үшін жан-жақты жағдай жасалып жатқаны белгілі. Бұл ретте Қазақстандағы әлеуметтік осал отбасылар санатына бірінші кезекте көп балалы отбасыларды жатқызуға болады.

Аталған санаттағы жанұяларға қолдау көрсету мақсатында Тараз қаласында кешенді шаралар қолға алынған. Олардың қатарында аталған топ өкілдерін баспанамен қамту ісі де бар. Осыған орай Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөліміне әлеуметтік осал және көп балалы отбасыларға 300 пәтер сатып алуға Ұлттық қор есебінен 2 880,0 млн теңге және облыстық бюджет есебінен 150,0 млн теңге қарастырылған.

Тараз қаласы бойынша бекітілген сипаттамаларға сәйкес келетін пәтерлердің жетіспеуіне байланысты 100 пәтерге арналған Ұлттық қор есебінен қарастырылған 960,0 млн теңгені қысқартуға өтінім берілді.

Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы қалған 200 пәтерге конкурс жарияланып, 1-кезеңнің нәтижесінде 13 өтінім түсіп, оның ішінде 11 пәтердің өтінімі  қолдау тапты.

Қалған 189 пәтерді сатып алуға мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жарияланып, 2-кезең бойынша 38 өтінім түсіп, қазіргі жағдайда талапқа сай келетіндігі туралы тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.