ӘР ӨТІНІШ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

67
Азаматтар өтінішін тыңдадым
Бүгін Тараз қаласының бірқатар тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдадым. Қабылдауға келген азаматтар жер кезегі, тұрғын үй мәселесі бойынша сауалдар қойды. Сонымен қатар, көше қиылысына бағдаршам орнату, құбыр ауыстыру, балабақша мен мектеп ауласының жолын жөндеу, шет аумақтарға қоғамдық көлікті реттеу, тал кесу және қоқыс жинауға қатысты сұрақтар жолдады.
Қабылдауға келген әрбір тұрғынның сауалы назардан тыс қалмайды. Азаматтардың сұрағын жауапты мамандарға тапсырып, заң аясында шешімін табатындығын айттым.
Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.