Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы Нарынқол ауылында көлік қағып кеткен мектеп оқушыларының жағдайы туралы мәлімет берді
Басқарма мәліметі бойынша, 21 қыркүйек күні жол апатынан зардап шеккен 6 оқушы Нарынқол ауылынан Райымбек орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.
«Қазір аурухананың жансақтау бөлімінде үш бала жатыр. Жағдайы тұрақты, ауыр. Бүгін, 22 қыркүйекте екі бала Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Бір бала медициналық тексеруден өткеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді», — деп хабарлады ведомстводан.
https://turkystan.kz/article/233868-almaty-oblysynda-k-lik-a-yp-ketken-o-ushylardy-azirgi-zha-dayy-turaly-m-limet-zhariyalandy