Түзеу мекемесіне телефонды тығып кіргізбек болған

162

Таразда түзеу мекемесінің тәртібін бұзып, мекеме аумағына тыйым салынған заттарды кіргізуге ниеттілердің қарасы азаймай тұр. Заң талабына бағынбағандардың тағы біреуі күні кеше қолға түсті.  Оқиға Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты орташа қауіпсіздіктегі №25 мекемесінде болған.

Қолда бар мәліметке сәйкес, мекеме әділет аға лейтененты Б.Тоқбай, 5513 әскери бөлімінің әскери бақылаушысы, қатардағы жауынгер Е.Мұратов пен тексеру тобының жедел уәкілі, әділет капитаны Н.Әжіғали тыйым салынған заттарды анықтаған. Олар мекеде жазасын өтеп жатқан азаматпен кездесуге келген азаматтың алып келген тұрмыстық тауарларын тексеру жүргізген. Тінту шараларының нәтижелері бойынша заттар салынған пакеттердің бірінен 2 дана SIM картасы бар ұялы телефон табылды.

Аталған факт тіркеліп, табылған заттар тәркіленді. Сондай-ақ,  ҚАЖД басшылығына,  прокуратура, Полиция департаментіне және ҰҚКД қызметкерлеріне хабар берілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.