Алматы-Ташкент автожолында полицейге шабуыл жасаған жүргізуші сотталуы мүмкін

67

Полицейге шабуыл жасаған жүргізуші 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Оқиға 20 қыркүйекте  Алматы-Ташкент автожолында болған. Жол ережесін өрескел бұзғаны үшін полиция қызметкері Жамбыл облысы Қордай ауданының 61 жастағы тұрғыны басқарған «Тойота Карина» маркалы автокөлігін тоқтатты.

Бұзушылықты тіркеу кезінде жүргізуші патрульдік полиция батальоны қызметкерінің мойнына бір рет жиналмалы пышақпен ұрған.

«Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 380-1-бабы 1-бөлігі бойынша (құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғушылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жауап алу кезінде ер адам әйелінің қайтыс болуына және тұрмыстық мәселелерге байланысты депрессиялық жағдай оны осындай үмітсіз қадамға итермелегенін түсіндірді. Өзінің ойланбай жасаған әрекетінің ауырлығын түсініп, жасаған ісіне өкінетін жеткізді», — деді полициядан.

Қазір полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді. Ұсталған адам Қордай АПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Қызметтік тергеу тағайындалды.

 

https://turkystan.kz/article/233864-orala-aryzsyz-o-am-zhobasy-zhyl-so-yna-deyin-zhal-aspa

Leave A Reply

Your email address will not be published.