Алматы облысында анасы мен оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірген күдікті ұсталды

48

Полиция мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 41 жастағы Алматы қаласының тұрғыны анықталып, ұсталған.

“Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Екі немесе одан да көп адамды өлтіру) және 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр”, — деді Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Ұсталған адам аудандық полиция УҰИ-ға қамаққа алынды.

Еске салсақ 14 қыркүйекте Алматы облысындағы Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінен К. есімді тұрғын мен оның екі кәмелетке толмаған баласының денелері табылған еді. Күдікті қылмысты жасыру мақсатында үйді өртеп жіберген.

 

https://stan.kz/almati-oblisinda-anasin-men-onin-kameletke-tolmagan-bal-388291/

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.