Әкесінің зиратына келіп күнделігін көрсеткен балалар елді жылатты (ВИДЕО)

428

Әлеуметтік желіде әкесінің зират басына келіп, күнделігін көрсетіп жатқан балалар ел жүрегін елжіретті.

Бейнежазбада балалардың қайтыс болған әкесіне сабақ үлгерімін көрсетіп, қуаныштарымен бөлісіп жатқан сәті көрсетілген. Әзірге бейнежазбаның қай өңірде түсірілгені белгісіз. Көзіне еріксіз жас алған көпшілік балаларға жақсы тілектерін жолдады.

«Алла анасының өмірін ұзақ ете көрші, балапандардың!», «Жаным-ай, қуаныштарын əкелерімен бөлісіп жатқан періштелер! Жүрегім-ай, ауырып кетті ғой», «Балаларының өмірі ұзақ болсын», «Еріксіз жас келді ғой көзге», «Ботақан, елдің азаматы бол! Денің сау, бақытты бала бол» деп жазды олар.

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.