«Әке, біз сізді күтеміз!»

61

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Н.М.Каиповтың ұйымдастыруымен және мекеме психологтарының қатысуымен жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтардың балаларынан «Әке, біз сізді күтеміз!» тақырыбында бейнеүндеу дайындалып көрсетілді.
Іс-шараның мақсаты – сотталған азаматтардың отбасылық құндылықтарға деген жауапкершілігін арттыру, балаларымен рухани байланысты нығайту, олардың бойында ата-аналық сезімді оятып, заңды құрметтеуге және түзу жолға түсуге ынталандыру. Сонымен қатар, балалардың әкелеріне деген сағынышы мен ыстық ықыласын жеткізу арқылы сотталған азаматтардың қоғамға бейімделуіне және отбасы құндылығын терең түсінуіне ықпал ету болып табылады.
Бейнеүндеуде балалар әкелеріне жүрекжарды тілектерін арнап, аман-есен отбасына оралуын күтетіндерін жеткізді. Бұл әсерлі шара қатысушылардың жүрегіне ерекше әсер қалдырып, отбасының адам өміріндегі маңыздылығын тағы бір мәрте айқындай түсті.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.