Ақ халаттыларға құрмет

327
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында қызметкерлерді марапаттау шарасы өтті.
Денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігі атынан келесі қызметкерлер марапатталды:
«Еңбек ардагері» төсбелгісі – Тамара Мауль, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының медбикесі.
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі – Денсаулық сақтау және стратегиялық даму технологияларын бағалау орталығының басшысы Андрей Авдеев, гипербариялық оксигенация бөлімінің меңгерушісі Балқия Әбдіқалықова.
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі – бас кардиолог Әлия Жолдасбекова, Профилактикалық медицина бөлімінің меңгерушісі Жазира Тунгушбаева.
Құрмет грамотасы – Серік Бидайбек, инженерлік-шаруашылық бөлімінің басшысы.
Алғыс хат – Ақерке Смайылова, күндізгі бөлім меңгерушісі.
ҚР ПІБ жүйесіндегі мінсіз адал еңбегі үшін және Республика күніне орай Құрмет грамотасы тапсырылып, Алғыс жарияланды:
Құрмет грамотасы – Ләйла Жұмабекова, қабылдау бөлімшесінің медбикесі; кадрлар жөніндегі аға маман Зарина Орынбаева.
Алғыс хат – Сәуле Қорғамбаева, 3 терапия бөлімшесінің медбикесі және Талғат Оразов, роботтандырылған хирургия орталығының басшысы.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен:
Фарида Ержанова, Ғылым және кәсіптік білім бөлімінің бастығы; Ирина Божченко, қалпына келтіру лечения және оңалту орталығының массаж бойынша медбикесі.
Алғыс хат – Гүлнара Мансұрова, кіржуар бөлімінің меңгерушісі, Александр Землянский, рентгенхирургия бөлімшесі меңгерушісінің м.а.
Сонымен қатар азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі, мінсіз адал еңбегі үшін және Республика күніне орай 145 қызметкерге Медициналық орталық аурханасы басшысының м.а. Рустам Албаевтың атынан Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар тапсырылды.
Әріптестерді марапаттарымен құттықтап, зор денсаулық және табыс тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.