Жаңатас қаласында «Qaisha» жанармай бекеті іске қосылды

184
Жаңатас қаласының орталық көшелерінің бірінде тағы бір жанармай бекеті ашылды.
Бүгін «Qaisha» жанармай бекетінің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев өңір экономикасының дамуына үлес қосып, халық игілігі үшін жаңа істердің жаршысы болып жүрген жеке кәсіпкер, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Тоқтасын Бләлиевке алғысын білдіріп, қала тұрғындарын жаңа бекеттің ашылуымен құттықтады.
Жанармай бекеті жаңа жүйелермен жабдықталып, сапалы өнімдермен жоғары талапқа сай салынған. Қала тұрғындары мен қлнақтарын газ, дизелдік отын, АИ-92, АИ-95 сұрыптағы жағармайларымен қамтамасыз етіп отыратын болады.
Тоқтасын Бләлиев бұған дейін де бірнеше кәсіпкерлік нысандарды Жаңатас қаласы мен Саудакент ауылдарда пайдалануға беріп, демеушілік және қайырымдылық шараларға белсене араласып, ел ықыласына бөленіп келе жатқан азаматтардың бірі.
Айта кету керек, мемлекеттің қолдауының және мемлекет тарапынан қабылданған түрлі бағдарламалардың арқасында аудан кәсіпкерлігі қарқынды дамып келе жатыр. Қазіргі таңда ауданда 4022 шағын және орта бизнес субъектілер тіркелген.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.