АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

59
Қазіргі кезде қаладағы “Шу-Жылу” КМК тарапынан бірқатар жылу жүйелерін күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Аталған жұмыстар кәсіпорынның жеке инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асып отырғанын айта кеткен жөн.
Қазірдің өзінде Жайсан мөлтек ауданындағы ұзындығы 98 метр, диаметрі 102 мм болатын жылу құбырларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тұтастай алғанда, жылыту маусымы басталғанға дейін 1,7 шақырым жылу құбырлары жаңартылатын болады.
Кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы аясында бөлінген қаржыға тозығы жеткен жылу жүйелерін жаңартудан бөлек, қажетті құрал-саймандар да алынатын болады.

Бақытжан Жәнібеков, Шу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.