45 қазақстандық отырған автобус Ресейде жол апатына ұшырады

817

Новосібір облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жолдан шығып кетіп, бір жәніне аударылды. Автобуста кемінде 45 Қазақстан азаматы  отырған.

Ведомство мәліметінше, халықаралық автобус Новосібірден Шымкентке бара жатқан.

«Жол апаты «Р-254″ федералды тас жолының 1368-ші шақырымында болған. Жүк көлігімен соқтығысқан жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, бір жәніне аударылды. Автобуста 46 адам болған, оның біреуі жүргізуші. Барлығы да Қазақстан азаматы. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам зардап шекті», — делінген хабарламада.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, жол сақшылары және аудан әкімшілігінің өкілдері келген. Көмек көрсету шараларына 24 адам мен 9 арнайы техника жұмылдырылған.  Барлық зардап шеккендер Коченев аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қалған жолаушылар жергілікті әкімшіліктің ұйымдастыруымен «Актин» кафе қонақ үйіне эвакуацияланды. Содан кейін, барлық жолаушылар резервтегі автобуспен барар жеріне жеткізілді.  «Омск қаласындағы өкілімізбен хабарластық, оқиғаның мән жайын анықтап жатырмыз», — деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің өкілі Айбек Смадияров.
tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.