Бүгін халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күн балаларға қуаныш сыйлап, мейірімге бөлейтін күн. Расында балалардың жүзіне күлкі сыйлаудан артық бақыт бар ма?

Осы орайда бүгін 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кешенді іс-шаралар легі өткізілді. Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен орталық алаңда «Бала — болашақтың шамшырағы» атты мерекелік іс — шара ұйымдастырылды.


Мерекелік шара барысында балалар — жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен өткен «Асфальтқа сурет салу» және «Эстафеталық ойындарға» белсене қатысып, жеңімпаз атанған оқушылар марапатталып бағалы сыйлықтар тапсырылды.