МЫНАУ ОРИГИНАЛ

57
*Мұқағалидың өмір туралы жазған толғауын оқып таң таң қалып отырмын.* *Не деген ұлылық !* *Керемет жазылған екен.* *Қарапайым өлең жолдарымен адамның бүкіл өмірін суреттеп, сипаттап берген.* *Мәңгілік өлмейтін, маңызын жоғалтпайтын асыл ойлар.*
*Қабыл алыңыздар:*
*Өмір деген — ұлы сапар осынау,*
*Қиындықтар кезіксе де жасымау.*
*Өмір деген — қарап жүрмей досым-ау,*
*Жұмыс жасау, жанұяңды асырау.*
*Өмір деген — міне солай жан бағу,*
*Әр қызыққа тамсану да, таң қалу.*
*Өмір деген — өкініш пен қуаныш,*
*Өмір деген — алдау және алдану.*
*Өмір деген — өз-өзіңді басқару,*
*Басқара алмай кейде шалқып мастану.*
*Өмір деген — баю, тою, шірену,*
*Өмір деген — тиын санау, аш қалу.*
*Өмір деген — жалындыру, жалыну,*
*Өмір деген — сырқаттану, сауығу.*
*Өмір деген — күнә жасап, артынан*
*Тәубаға кеп заңдылыққа бағыну.*
*Өмір деген — жыл қарсы алып, жас қосу,*
*Танымайтын біреулермен достасу.*
*Өмір деген — бір адамды қарсы алып,*
*Бір адаммен мәңгілікке қоштасу.*
*Өмір деген мақталу да, датталу,*
*Жан досыңа бар сырыңды ақтару.*
*Өмір деген — күн артынан күн өту,*
*Бірде жылап, енді бірде шаттану.*
*Өмір деген — азу, тозу, семіру,*
*Жастық өтіп қартыққа да жеңілу.*
*Өмір деген — сағыну һәм ұмыту,*
*Өмір деген — ғашық болу, жеріну.*
*Өмір деген — арғы жақты сөз қылу,*
*Өз-өзіңе риза болу, жазғыру.*
*Туған күнді тойлай жүріп бір күні,*
*Өмір деген — аңдаусызда көз жұму.*
*Біздің мекен — бағзы өлке, ескі алаң,*
*Кімдер сірә, табанымен баспаған.*
*Жердің жүзін билегісі келсе де,*
*Мәңгілікке ешкім есік ашпаған.*
*Міне сондай, мен қозғаған ой мынау,*
*Өмір деген — тек тіршілік жайлы дау.*
*Қойшы досым, адамбыз ғой бастысы,*
*Жоқ болғанда қайтер едік деймін-ау…*
*М. Мақатаев

Leave A Reply

Your email address will not be published.