Қазақстанда қанша мәдениет орны бар?

57
Ұлттық статистика бюросы елімізде қанша мәдениет орны бар екенін айтты.
3 912 – қоғамдық кітапхана
3 054 – мәдени-демалыс ұйымы
286 – мұражай
254 – демалыс саябағы
85 – театр
67 – концерт ұйымы
8 – хайуанаттар бағы
5 – цирк
2024 жылмен салыстырғанда келушілер санының ең жоғары өсімі 2025 жылы концерт ұйымдарында байқалды – 10%, ойын-сауық және демалыс саябақтарында – 7,1%, мәдени-демалыс ұйымдарында – 3,9%, театрға барушылар 2,5%, ал музейлерге барғандар саны 1,8% артқан.
2025 жылы концерт ұйымдары өткізген іс-шаралар саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштерге қарағанда 21,6% артты, театрлар өткізген іс-шаралар саны 6% көбейді, кітапханаларда – 4,9%, ал мәдени-демалыс ұйымдарында 3,6% өскен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.