Жамбыл облысының көкпар құрамасы — Қазақстан Республикасының 15 дүркін чемпионы!

56

Биылғы жарыс Шымкент қаласында өтіп, жамбылдық көкпаршылар жоғары деңгейдегі шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Финал жергілікті азулы Шымкент қаласының құрамасына қарсы өткізілген болатын.

Тартысқа толы ойынның бірінші кезеңі 1-1 есебімен аяқталса, ойынның екінші кезеңінде әулиеаталықтар есепті еселеп 4-2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша XXIV рет ұйымдастырылған ел чемпионатында Жамбыл облысының көкпаршылар 15-ші рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілуде.

Барша әулиеаталықтарды кезекті тамаша жеңісімен құттықтаймыз!

Жамбыл спорты алға!

Leave A Reply

Your email address will not be published.