Мемлекеттік қызметшілер пікірсайысқа қатысты

755

Таразда алғаш рет мемлекеттік қызметкерлер,жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында «Қазақстан бүгін және болашақта» атты тақырыпта пікірсайыс өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты  мемлекеттік қызметшілерге тиімді қызмет ету үшін талдау және сын тұрғысынан ойлау, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру. Бұл туралы «08info» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шара екі тілде жүргізілді.Яғни қазақ және орыс тілдерінде.Пікірсайыс алаңына әрбір командадан бір мемлекеттік қызметкер мен студент қатысты. Сайысқа арқау болған негізгі тақырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің жаңа жолдары болды. Бүгінде бұл мәселе экономика мен қоғамның даму жолында өзекті болып отыр.Мемлекеттік қызметті одан әрі ілгерілетуге қатысты өздерінің тұщымды ойларын жеткізе білген, сонымен қатар,ең жақсы ұсыныстарды ұсынған дебатшылар республикалық деңгейде өтетін пікірсайысқа қатысады. Айта кету керек, аталмыш шараны жамбыл облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырған.

Гүлназ Бақытжанқызы —  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ЖОБ департаментінің бас маманы

taraztv.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.