Тұрғындармен тілдесіп, сауалдарына жауап берді

141

«АMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Шарипов Руслан Шамелұлы тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауда алғашқы болып өтінішін білдірген қала тұрғыны мемлекеттік қызметкерлерге берліген тәртіптік жазаның берілу тәртібі мен қызметіне келтіретін кері әсерлері жайында сұрады.
Департамент басшысы м.а. өтініш иесіне мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану және оны мерзімінен бұрын алу тәртібі жайында толық түсіндіріп берді.
Ал, Рауан есімді азамат өңірлік кадр резервіне қабылдану үшін жасалатын шаралар жайында сұрап, пайдалы мағлұмат алып қайтты.
Зәуре есімді азаматша 87 жастағы анасына курортты-санаторийлі ем алуға жолдама алу жолдарына көмек көрсетіп, ықпал етуді сұрап қайырылды.
Руслан Шамелұлы өтініш иесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жайында түсініктеме бере отырып, құзырлы мекемеге қайырылу қажеттігін түсіндірді.
Сондай-ақ, департамент басшысының м.а. мемлекеттік қызметке орналасу, қызмет саласын ауыстыру және мемлекеттік бағдарламаларға қатысты басқа да қойылған сауалдарға жан-жақты жауаптарын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.