Cебебі Елтаңбаны өзгертуге қатысты біржақты шешім әлі қабылданбады
Елтаңбаны өзгерту мәселесі нақтыланған кейін ғана қаржы көзі анықталады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев айтты, деп хабарлады Qaz365.kz.
«Президент Ұлттық құрылтайда осы мәселені талқылау туралы ұсыныс айтқан болатын. Мемлекет басшысы бұл мәселеде қоғам тарапынан жалпы қолдау болса, оны әрі қарай талқылау қажет екенін айтты. Егер ықтимал өзгеріс қарастырылатын болса, комиссия құрылады. Осылайша мәселе жіті талданады. Оң шешім болған жағдайда басқа мәселелер де қарастырылады», – деді Мәди Такиев.
БАҚ өкілі министрге «Елтаңбаны өзгертуге қаржы қайдан алынады?» деп сұрақ қойды.
«Алдымен бірінші мәселені шешіп алайық, — деді министр.