ҚАБЫЛДАУ

473
Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытқжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, көше, жол, аялдама, жаяу жүргінші жолы, көше тазалығы және кәріз мәселесі туралы сауалдар қойды. Сонымен қатар заңсыз құрылыс, ағаштарды кесу жөнінде мәселелерді көтерді.
Шаһар басшысы қабылдауға келген тұрғындардың сауалын мұқият тыңдап, заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.