Алматылық үш баланың анасы мен әкесі «жағдай жоқ» деген сылтаумен 8,9 жастағы балаларын мектепке апармай қойған

933

Әйел: Мен кішкентай балама қараймын, бұларды апаруға уақытым жоқ.

Алматының кіреберісіндегі Қалқаман ықшам ауданына қарасты жатақханалардың бір бөлмесін қана қылған отбасында  үш бала бар. Балалардың әкесі құрылыста жұмыс істейді. Аеасы үш баласына қарап, үйде отырады екен. Бірақ мектепте оқитын екі бала соңғы рет өткен жылдың қыркүйек айында ғана мектепке барыпты. Содан бері телефон көріп, үйлерінде жатыр екен.

Мұғалімдер бұл отбасына «Баланы сабаққа жеткізіңіз» деп бірнеше рет барыпты. Әйел ондайға күші, шамасы жоғын айтып бас тартады екен.

«Мен қолымдағы кішкентай балама қараймын. Оны массажға апаруым керек.Күйеуіме апар десем апармайды. Тіпті жақсы киім, дәмді тамаққа жарымай отырмыз. Күйеуім міне жұмыстан өзі тойып келеді. Дәмді тамақтар жеп. Біз үйде аш отырмыз.  Қайдан апарамын мен бұл екеуін сабаққа?  Апайлары да «әкел» дейді. Осы күнге дейін мектептен бір көмек алмадық. Сумка, дәптер, киім берген емес. Ажырасып кетейін десем баратын үйім жоқ. Басқа кеңдеу, таза жерге барып тұрайық десем, күйеуім көнбейді»,-дейді әйел.

Ал, балалардың әкесі болса құрылыста жұмыс істеп, ақша табатынын айтады. Ал әйелінің өзі тәтті тамаққа тойып алады дегенімен мүлде келіспейді. Тек түскі асты жұмыс асханасынан алатынын растап отыр.

Балалар 2-сынып оқыса да қатарластарынан  білім деңгейлері өте төмен. Тіпті қай мектепте, нешінші сынып оқитындарын дұрыс айта алмай отыр.

«дау-дамайсыз» бағдарламасы мектеп басшылығы мен балалардың сынып жетекшісімен сөйлескен. Ақыр соңы мектеп тарабы қанша әрекет жасағанымен ата-ана балаларды мектепке тасуға құлықсыз болғаны айтылды. Мектеп директоры қос оқушының барлық керек-жарағын алып беріп, оларды жатып оқитын интернатқа жайғастырып берді.

kyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.