Бүкіл қоғам үшін маңызды мәселелердің бірі

47

     Жасыратыны жоқ, еліміздің қай өңірінде болсын жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық оқиғалары орын алып жатады. Бұған әдеттегідей «балалар балалық жасаған болар» деп жеңіл-желпі қарауға әсте болмайды.

Жасөспірім байқаусызда қылмыс жасап, сотталып жатса оның отбасы үшін, әкесі мен анасы үшін қаншалықты қайғы-қасірет әкелерін ойлаудың өзі ауыр. Төрт құбыласы тең, шаттыққа толы шаңырақтың да шырқы бұзылары анық мұндай жағдайдан соң.

Сондықтан жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау бір ғана отбасы үшін емес, бүкіл қоғам үшін маңызды мәселелердің бірі болып саналады.

Бұл бағытта еліміз бойынша құқық қорғау органдарының және қоғамдық ұйымдар тарапынан түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр, оны күнделікті тәжірибеден көріп те жүрміз.

Осындай мақсатта Тараз қаласы Полиция басқармасы 2-ші полиция бөлімінде де жасөспірімдердің құқықбұзушылығының алдын алу үшін көптеген істер атқарылуда.

Атап айтар болсақ, бүгін Тараз қаласы «Темір-жол» колледжінің жатақханасында тұрып жатқан білімгерлерімен кездестік.

Қылмыстың және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында, зорлық-зомбылықтың бопсалау, суицид, ерте жыныстық қарым қатынасқа түсу бойынша профилактикалық және түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, дәріс өткізілді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

Біздің қоғамның мақсаты жасөпірімдерді қылмыстық жауапкершілікке дейін жеткізбеу.

Бүгінгі күні жасөпірімдерге дұрыс тәрбие берсек ертеңгі күні қоғамда қылымыстық жағдайлар да азаятыны белгілі. Өйткені бүгінгі жеткіншек жастар еліміздің ертеңіне жауапты азаматтары болмақшы. Сондықтан бұл бағыттағы бүгін атқарылған жұмыстар болашақта өз нәтижесін берері анық.

 

Асхат Алметов,

Тараз қаласы Полиция басқармасы

2-ші полиция бөлімі бастығы полиция подполковнигі 

Leave A Reply

Your email address will not be published.