Бүгін Төле би Әлібекұлының 360 жылдығына орай волейболдан турнир ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау саласының өкілдері қатысқан додада 7 команда өзара бақ сынады.
Тартысқа толы жарыста құрама командалар жеңіске жету үшін барын салып, әдемі ойын өрнегін көрсете білді. Нәтижесінде, аудан әкімі аппаратының жастар командасы жарыс жеңімпазы атанса, аудандық полиция бөлімі екінші орынға табан тіреді. Ал ардагерлерден құралған команда үшінші орынды қанжығалады. Барлық жүлдегерлер мен үздік ойын өрнегін көрсеткен қатысушылар бағалайы сыйлықтармен марапатталды.
Жарысты өткізудегі мақсат — аудан тұрғындарын, оның ішінде салалық қызметкерлерді салауатты өмір салтын ұстануға баулу, бос уақыттарын спортқа арнау болғанын да айта кеткен жөн. Дәл осындай спорттық шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылып, дәстүрге айналатын болады.
Бақытжан Жәнібеков, Шу ауданының әкімі