ЖЕРЛЕСІМІЗ — ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

121
Күні кеше ғана жерлесіміз, Белбасар ауылының тумасы Бақыт Сейдіш Астана қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарып, жеңімпаз атанды.
Шулық былғары қолғап шебері осылайша екі дүркін Азия чемпионы атанып отыр. Ол бұған дейін Испания мемлекетінің Аликанте қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Әлем Чемпионатында жеңімпаз атанса, Иорданиядағы Азия чемпионатында да алтыннан алқа тағынған еді.
Енді міне, Бақыт Саматқызы өзінің шын мықты екенін тағы бір мәрте дәлдеп, әлемдік аренада әнұранымызды шырқап, көк туымызды қайта желбіретті.
Жерлесімізді ауданымыздың атынан осы жеңісімен құттықтай отырып, жеңісті жолының жалғаса беруіне тілектестігімізді білдіреміз!

 

Бақытжан Жәнібеков, Шу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.