Қамқорлықтың нақты көрінісі айқындалған тағы бір бастама – ол шағын несие беруді көбейту. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында шағын несие беруді көбейту бастамасы ауыл тұрғындары үшін ерекше қуаныш екені белгілі. Өйткені, Қазақстан халқының едәуір бөлігі қаладан шалғай елді мекендерде тұрады. Ал, олар жаппай бизнеске тартылса әлеуметтік-экономикалық саланың дамуына өлшеусіз үлес болып қосылмақ. Тағы бір айта кетерлігі, ауыл тұрғындарын, оның ішінде бизнесті енді қолға алып жатқан жас кәсіпкерлерді кепілдендіру мәселесі толғандыратыны анық. Сол себепті Елбасының бес бастамасын жүзеге асыру мақсатында жас кәсіпкердің несиесінің 85 пайызын мемлекет кепілдендіретінін айта кеткен дұрыс. Ал бизнесін одан әрі дамытушыларға жаңа бағдарламаға сәйкес мемлекет 50 пайыз кепіл болмақ. Демек, көптеген ауыл азаматтары кең көлемде кәсібін ашып, өз ортасына септігін тигізіп, олардың жұмысқа орналасуына, сөйтіп ауыл әлеуетін арттыру арқылы қоғамның келбетін түзеуге зор мүмкіндік алмақ.
Жалпы, бұл бастамалар Тәуелсіздігімізді баянды ету жолындағы маңызды қадам деп санаймын. Үндеуде көтерілген әлеуметтік жобалар – әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыра түсуге бағытталған жаңғырудың жарқын көрінісі.
Индира Тоғанбаева, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі