«Учаскелік полиция басын жарды»: Алматы полициясы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

103

Әлеуметтік желіде жолда жатқан ер адамның бейнежазбасы тарады. Бейнежазбаны түсірген адам учаскелік полиция оның басын жарғанын айтады. Алматы полициясы бұл оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы полициясы Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

» З. есімді азаматтың мас күйде болғаны медициналық сараптама қорытындысымен расталды, ол аяғынан тұра алмай құлаған. Оған дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Полиция қызметкерінің ер адамның басын жарғаны туралы мәлімет – жалған», — деп хабарлады полиция.

З. есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады.

 

 

https://turkystan.kz/article/234071-uchaskelik-policiya-basyn-zhardy-almaty-policiyasy-o-i-a-a-atysty-m-limdeme-zhasady

Leave A Reply

Your email address will not be published.