Етін жемек болған: ШҚО-да аю атқан ер адам ұсталды

53

ШҚО-да аю атқан ер адам ұсталды

Полицейлер Ново-Троицкое ауданында заңсыз аң аулаумен айналысқан Өскемен қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті аюды жеу үшін атқан.

«Күдіктіге келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Осы дерек бойынша күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігі («Заңсыз аңшылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады», — делінген ведомство хабарламасында.

 

https://turkystan.kz/article/234069-etin-zhemek-bol-an-sh-o-da-ayu-at-an-er-adam-staldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.