ҚР Конституциясы күні қарсаңында Таразда қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлері балаларының қатысуымен «Ата Заңым – ардақтым» атты асфальтқа сурет салудан байқау өтті.
Туған еліне деген сүйіспеншіліктерін түрлі-түсті бордың көмегімен жеткізген балдырғандар мемлекеттің бас құжатына деген сыйластықтарын да өз туындыларына сыйдыра білді.
Байқау барысында қалалық ІІБ бастығы Ерлан Қасым барлық қатысушыларды мерекесімен құттықтап, балғындарға Отанының патриоттары болып өсулеріне тілектестік білдірді.
Байқау қорытындысы бойынша суреттері үздік деп табылған балақайларға сылықтар табысталды. Ал, салтанатты марапаттау рәсімі облыстық Ішкі істер департаментінің Конституция күніне орай өтетін салтанатты шарасында өтетін болады.