Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша, қазір 10 748 адам іздестіріліп жатыр, олардың 2 176-сы хабар-ошарсыз жоғалғандар.
- Алматы қаласы — 287;
- Қарағанды облысы — 221;
- Павлодар облысы — 170;
- Алматы облысы — 167 тіркелген.
Көбіне 30-дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалған (77%).
- Үйден кетіп, оралмаған — 1 634 адам,
- Автокөлікпен жоғалған — 74,
- Жұмыстан шығып кеткен — 36.
- Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздестіріліп жатыр.
Іздеуде жүргендер негізінен – 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%). Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша:
- Алматы қаласында (514)
- Астана қаласында (185)
- Шымкент қаласында (155)
- Алматы (143)
- Қарағанды (140) облыстарында іздестіріліп жатыр.
«Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асыратынын еске саламыз», — делінген хабарламада.
https://turkystan.kz/article/233313-yzylorda-oblysynda-bir-atar-kim-zhauap-a-tartyldy