«85 мың теңге жетеді» деген вице-министрге Ринат Зайытов бір отбасының шығынын есептеп берді (ВИДЕО)

76

85 теңгемен өмір сүруге бола ма? Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов бір отбасының айлық шығынын есептеді.

«Сіздердің министрлік «ең төменгі айлық 85 мың теңге» деді. Сосын қызармай, бір министрдің орынбасары «бұл күн көруге жетеді» деді. Мен сіздерге арифметиканы көрсетейін. Мысалы, 5 адамнан тұратын отбасы. Әкесі театр қызметкері – инженер, айлығы – 115 мың теңге. Шешесі кітапханашы, сіздер жетеді деп отырған 85 мың теңгені алады. Бірінші балалары студент, грантта оқиды. Екінші баласы мектепте 6-сынып оқушысы, үшінші баласы мемлекеттік балабақшада. Жалпы, отбасының табысы айына 200 мың теңге, — деді Ринат Зайытов.

Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың сөзі көпшілік арасында талқыға түскен болатын.

 

https://turkystan.kz/article/233270-85-my-te-ge-zhetedi-degen-vice-ministrge-rinat-zayytov-bir-otbasyny-shy-ynyn-eseptep-berdi-video

Leave A Reply

Your email address will not be published.