Жамбыл облысында жылжымалы экологиялық зертхана жұмыс істейтін болады

720

Күз айынан бастап Жамбыл облысында жылжымалы экологиялық зертхана жұмыс істейтін болады.

Ол зауыттар мен өндіріс орындарынан шығатын ауа ластаушы заттардан сынамаларды кешіктірмей дер кезінде алу үшін көмектеседі. Соған сай қоршаған ортаны ластауы ықтимал заттарға жылдам талдау жасалып, тиісті мекемелерге жіберіледі. Бұл өз кезегінде уақытты үнемдеп, жұмысты ілгерілетпек. Сонымен қатар экологиялық жағдайды оңалту мақсатында өңірде «Жасыл белдеу» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. 2016 жылы Жамбыл облысында өсімдіктер 395 гектар аумаққа отырғызылды. 2017 жылы бұл көлем 1 гектардан асты. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді.

Жақсылық Сапаралиев, табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

— Басқа да процедураларды өткізгенше бір үш күн өтіп кетеді, 3,4 күн 1аптаға дейін, ал жылжымалы лабаратория 1 күннің ішінде біз анализының бәрін алып, ары қарай қандай шаралар қабылдауымыз керектігін қорытындылап бізге беретін болады. Тез арада қимылдау үшін.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.