Астанада әлеуметтік желіде трендке айналған бейнежазба түсіру үшін қоғамдық орындарды ластаған екі әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар «Бәйтерек» монументі маңында орындықтар мен тротуарларға шампан құйып, видео түсірген. Бұл әрекет қала тазалығына зиян келтіріп, коммуналдық қызметтердің жұмысына кедергі келтірген.
Оқиға бойынша полиция тарапынан әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.
Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттер заң бұзушылық болып саналатынын және қоғамдық орындарды ластау үшін түсірілетін “хайп-видеоларға” қатаң шара қолданылатынын ескертті.
Желтоқсаншылар өздерін “бандит” деген блогерді жазалауды талап етті
Ақтауда экс-порт басшысы 8 жылға сотталуы мүмкін
Дереккөз: https://politico.kz/kz/article/bayterek-zhanynda-ishimdik-iship-video-tusirgen-qyzdar-zhazalandy
Politico.kz.