ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ҚАЗАСЫ

1 443
Аңыз адам…
Қажымұқан Мұңайтпасұлы қайтыс болғанда қасында болған Есболдың естелігінен:
«Ол кезде біз Темірланның жоғарғы жағында Боралдай өзені бойындағы көкорай шалғында жазғы киіз үйде отыратынбыз. Таңғы сағат 4-5-тер шамасында Палуан атам «Есбол тұр, арбаны жек» деп оятты. Мен тұрып, киініп қарасам Палуан ата киіз үйдің керегесінен қос қолдап ұстап, тізерлеп отыр екен. Палуан ата енді маған «тез молданы шақыр» деп бұйырды. Мен барып молданы шақырып келдім. Палуан ата молдаға «тездет, оқитыныңды оқы, менің шіләмді түсір» деді. Молда түсінбей «қой палуан, сен өлгенше біз бәріміз қырылып қалатын шығармыз» деп әзілдегісі келді. Палуан атам «Оттамай тездет» деп бұйырды. Молда дем салған кезде Палуан ата сылқ етіп құлап түсті. Бірден жүріп кетіпті…
Палуан атаның денесін жерлеуге киіз үйді бұзып барып әрең шығардық».
Суретте: атақты қазақ палуаны Қажымұқан, әйелі Мінәйім, баласы Айдархан және немере інісі Есбол. 1945 жыл.

Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.